Жаңалықтар

Астана көшелерінің біріне Шыңғыс Айтматов есімі берілді

ашық дереккөзі

Астана көшелерінің біріне Шыңғыс Айтматов есімі берілді

Қазақстан астанасы – Астана қаласындағы көшелердің біріне Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді, деп хабарлайды centralasian.org. 16 тамызда өткен жаңа көшені ашу салтанатына Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлері Бақытжан Сағынтаев пен Мұхаммедқали Абылғазиев қатысты. Жаңа көшеге Айтматовтың есімін беру - жазушының 90 жылдығына арналған мерейтойы қарсаңында өтті. Бұл күндері Астанада Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жиында екі елдің қарым-қатынасын дамытуға арналған өзекті мәселелер көтеріледі.