Жаңалықтар

Алматыда екпе алмаған 30 бала А гепатитін жұқтырған

ашық дереккөзі

Алматыда екпе алмаған 30 бала А гепатитін жұқтырған

Алматыда екпе алмаған 30 бала сарыаурудың А түріне шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде болған баспасөз брифингі барысында белгілі болды. «Алматыда екпеден бас тартатын ата-аналар өте көп. Екпе алмаған балалардың арасында ауыратындар жиі кездеседі. Мәселен, биыл алғашқы жартыжылдықта вирусты гепатитті 30 бала жұқтырған. Олардың барлығы екпе алмағандар», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау Департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова. Жалпы алғанда 2-ге толмаған баласы бар ата-аналардың арасында екпеден бас тарту жиілеп келеді. Маманның айтуынша, қалада 55 көкжөтел ауруы тіркелген. Ауырғандардың 82%-ы екпеден бас тартқандар.