Жаңалықтар

Жастарға арналған тау лагері

ашық дереккөзі

Жастарға арналған тау лагері

Алматыда «Туған жер» деп аталатын жастарға арналған лагерь ашылды. Тау бөктеріндегі лагерьге білімді әрі өнерлі 150 жас жолдама алды. Олар мұнда демалып қана қоймай, түрлі тренингтерге қатысып, шығармашылықтары мен ой-өрістерін шыңдайды. «Туған жер» лагеріне белсенді студенттер, мектеп оқушылары мен жаңашылдықты жаны қалайтын жастар жиналды. Жобаның мақсаты – өз ортасында белсенді, білімді жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдау, олардың мәдени және кәсіби қабілетін арттырып, жеке тұлға ретінде  қалыптасуына жағдай жасау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өтініш білдірген жастардың саны өте көп болған. Арнайы іріктеу өткізіліп, 286 адамнан 150 жас қана таңдап алынған. Жазғы лагерьдің бағдарламасында жастардың белсенді демалысынан бөлек еліміздің танымал кәсіпкерлері, актерлері және спортшыларымен кездесулер ұйымдастырылады. Өзара пікір алмасып, ой бөліседі. Жетістікке жетудің құпиясы сөз болады. Мұндай жоба өмірлік тәжірибе жинақтаудың бірегей мүмкіндігі болатыны сөзсіз. Дәл осындай лагерь Алматы облысының Зеренді ауданында да өз жұмысын бастады. Тамыз айының соңына дейін созылатын лагерь жұмысы цифрландыру, рухани жаңғыру және кәсіпкерлікті дамыту бағыттары бойынша өтеді. Басты мақсат – ел жастарын бәсекеге қабілетті болуға үйрету. Бұл лагерьде 300-ден астам жасты қамту көзделген. Олар екі апта бойы жоғарыда аталған тақырыптар бойынша дәріс тыңдайды. Тіпті, өз жобаларын да жариялауға мүмкіндіктері бар.