16 Тамыз, 12:29 235 0 Қоғам Аяулым САЛЫҚЖАНОВА

Батыста бидай бас алмады

Батыс Қазақстан облысында 285 мың гектарға дәнді дақылдар егілсе, күні бүгін күздік бидай алқаптарының 46 пайызы орылған. Орташа өнім гектарына 11 центнерден келуде. Алайда егіннің түсімі барлық жерде бірдей емес. Мәліметтер бойынша күздік бидайдың 14, жаздық бидайдың 21 мың гектары есептен шығаруға жатады.  Мамандардың айтуынша, жаздық бидайға әлі орақ түспегендіктен, оруға жарамсыз егіс көлемі әлі көбеюі мүмкін.

– Бұған күзде жауынның, ылғалдың болмауы басты себеп. Бірақ егінді жинап алуымыз керек. Қазір осы егілген 4900 гектардың 1300 гектары есептен шығарылып жатыр. Өйткені егін шықпай қалды, –  дейді Тасқала ауданының әкімі Алдияр Халелов.

Жаздың басындағы салқындық пен артынша күннің күрт ысуы, жауын-шашынның болмауы салдарынан бидай биыл бой алған жоқ. Дегенмен есептен шығарылған егін үшін шаруалардың басым бөлігі өтемақы ала алмайды. Себебі егістің тек үштен бірі ғана сақтандырылған.

Соңғы жаңалықтар