Жаңалықтар

«Шекара соқпақтары»

ашық дереккөзі

«Шекара соқпақтары»

18 тамыз – Шекарашылар күніне  орай, 2018 жылдың 14 тамызында ҚР Ұлттық  кітапханасының Н.Дәулетова атындағы  залында ҚР ҰҚК Шекара қызметі  «Отан сақшысы- Часовой Родины» газетінің  тілшісі запастағы  подполковник Тамара Қуанышбекқызы Дәулетбаеваның  жақында жарық көрген  «Шекара соқпақтары» атты кітабы арналған тұсаукесері өтеді. Шара – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. «Шекара соқпақтары» – еліміздің  патриот ұлдары – қазақстандық шекарашылар туралы алғаш жарық көрген туынды. Кітап – Шекара қызметінің  қабырғасын қалауға  өздерінің  зор  үлестерін  қосқан ведомство басшылары, шекарашы ардагерлер және шекаршы офицерлердің  ел шебіндегі өмірлерінен сыр шертеді. Шекара – қас-қағым, қарбаласқа толы әрі қызығына  қарағанда қиындығы  басым орта. Шекара өтіндегі қызметтері кешкі сағат 20.00-ден басталатын шекарашылардың өмірі  – қиын ғана емес, романтикадан тұрады. Сосын да шаршау  деген – шекарашылар үшін жат. Сол ортаға  кірігіп, кірпіш болып қалана білу де табандылық пен шыдамдылықты, мықты ерік-жігерді  талап етеді. ҰҚК Шекара қызметінің сапында 1998 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Тамара Дәулетбаеваның алтын  қаламына шабыт сыйлаған  да осынау өмірлері  кіл романтикадан тұратын шекарашылар. «Шекара соқпақтары» атты кітабы  «Тұлға», «Шекара сардарлары», «Әйел – әлем», «Қилы тағдырлар», «Шекара новеллалары» атты бес бөлімнен тұрады.