Дәурен Абаев 88 телеарнаның жабылуына қатысты пікір білдірді
Дәурен Абаев 88 телеарнаның жабылуына қатысты пікір білдірді
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 88 телеарнаның жабылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«88 телеарнаны жауып жатқанымыз туралы жариялаған кезде, біз екпінді басқа мәселеге қойған едік. Осы орайда Қазақстанда 215 шетел арналардың өкілдіктері ашылғандығына екпін жасадық. Осыған дейін Тәуелсіздік жылдарында мұндай болмаған еді. Қазіргі кезде барлық шетелдік телеарналарды құқықтық кеңістікке шығардық. Яғни, барлық шетел телеарналарында Қазақстанда өкілдіктері бар. Сәйкесінше, олар талапқа сай өкілдіктерде жұмыс істеп жатыр», - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистерге.
Сонымен қатар, Д. Абаев жабылған телеарналар болашақта ел аумағында жұмысын жандандыру мүмкіндігін жоққа шығармады.
«Олардың жұмысына шектеу енгізу - телеарналардың алдағы уақытта ҚР аумағында ешқашан жұмыс істемейді дегенді білдірмейді. Егер де олар өздерінің өкілдіктерін ашқысы келсе, заңнамамен бекітілген барлық рәсімдерді орындауы тиіс. Осыдан кейін Қазақстан аумағына қайта оралу мүмкіндігіне ие болады», - деп түйді ведомство басшысы.