Жаңалықтар

ҚР Ұлттық банкі теңгенің күрт құнсыздау себебін түсіндірді

ашық дереккөзі

ҚР Ұлттық банкі теңгенің күрт құнсыздау себебін түсіндірді

ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы ахуалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2018 жылғы 13 тамыздағы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 доллар 363 теңгені құрады. Бұл өткен күндермен салыстырғанда, теңге 15 АҚШ долларына өсіп немесе 1,8%-ке дейін құнсызданды. Бұл дамушы елдер валюталарының жалпы әлсіреуі нәтижесінде болып жатқан құбылыс», - деді ҚР Ұлттық банкінен. Дамушы елдердің ақша нарығындағы жағдай геосаяси шиеленістен туындап отыр. Сондай-ақ, АҚШ-тың Ресей, Қытай, Түркия сияқты елдерге салып отырған санкциялық саясатының көрінісі. Бұл дипломатиялық қатынастардың шиеленісуіне әкеліп отыр. «АҚШ долларының әлемдік қаржы нарығындағы жалпылама нығаюы байқалады. Бұл экономикадағы оң тенденцияның ықпалында АҚШ Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемесін көтеру жағдайлары болжануда. Бұл факторлар дамушы елдердің нарығындағы капиталдың дамыған елдер нарығына құйылуына ықпал етті», - деді Ұлттық банктен. Айта кетейік Ұлттық банк теңге бағамын еркін айналымға жібергені белгілі. Сондықтан да теңге курсы фундаменталды факторлардың ықпалымен, нарықтық жағдайға сай қалыптасады.