Жаңалықтар

Теңіз жағасындағы жартастар түнде түрлі түсті шамдармен жарқырап жанатын болды

ашық дереккөзі

Теңіз жағасындағы жартастар түнде түрлі түсті шамдармен жарқырап жанатын болды

Ақтауда 4-шағынаудандағы теңіз жағалауындағы жартастар түрлі түсті шамдармен жарықтандырылып, сүрлеу жол салынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көркі алыстан көз тартатын бұл әдемілікке қала тұрғындары риза. Күн сайын түнгі көріністі көруге қала қонақтары да көптеп келуде. Жоба авторы Марат Сүйініковтің айтуынша, әзірше жартастардағы жарық шамдар сынақтан өтуде. Сондықтан кейін өшіріледі. «Жоба 2019 жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланған. Әлі жасалатын біраз жұмыстар бар. Әзірше, бұл сынақтан өтіп жатыр. Толық біткен жоқ. Соған қарамастан, көпшіліктің көңілінен шықты», -дейді Марат Сүйіндіков. «Жартастағы соқпақ» деп аталатын жоба 1 жыл 6 айға жоспарланған еді. 5 айда алғашқы нәтижесін көрсетті. Мұнда жартасты жағалай сүрлеу жол салынып, xалық демалатын орындықтар қойылды. Үңгірлер абаттандырылып, қабырғаға Маңғыстау өңірінің тариxынан сыр шертетін  көне жазулар мен суреттер қашап салынған. Сондай-ақ, түрлі шамдар орнатылды. Жартастың табиғи қалпын сақтау үшін жұмыстар қолмен жасалған. Құрылыс аумағы 2 шақырымды құрайды. Түрлі түске боялған жартастардың ұзындығы 70 метрге дейін жетеді. Жобаны көруге 5 елдің басшылары келеді деп жоспарланған. Олар осы жерде театрландырылған қойылымды тамашалайды.