Жаңалықтар

Полиция Жерорта теңізіндегі кемеден 20 тонна есірткі тапты

ашық дереккөзі

Полиция Жерорта теңізіндегі кемеден 20 тонна есірткі тапты

Италия полициясы Жерорта теңізінде 20 тонна есірткі затын жасырын алып бара жатқан кемені ұстады. Қылмыстық топ оларды мұнай цистерналарының ішіне тығып өткізбек болған, деп хабарлайды Хабар 24. Панама туымен жүзіп жүрген «Римус» кемесінің полицейлердің назарына ілігуіне олардың теңіздегі күдікті әрекеті түрткі болған. Себебі Канар аралдарынан шығып. Мысыр мен Түркияға бет алған кеме Солтүстік Африка жалғалауына жеткен бетте өз бағытын өзгерткен. Осыдан кейін тәртіп сақшылары оны тексеруге шешім қабылдайды. Нәтижесінде полицейлер құны 200 миллион еуро болатын ірі есірткі партиясын тәркіледі. Мамандардың айтуынша, қылмыскерлер есірткіні Еуропаға жеткізуді көздеген.