Жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 640 өтінім мақұлданды

ашық дереккөзі

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 640 өтінім мақұлданды

ҚР Ұлттық банкі әлеуметтік жобларждың жүзеге асу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 9 тамызға дейін барлығы 11,9 млрд теңге қарыз алуға 1039 өтінім қабылданды. Оның ішінде 640 өтінім мақұлданды. Бұл өтінімдер бойынша 7,3 млрд теңге несие беріледі», - деді Ұлттық банктен. «7-20-25» - ҚР Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру аясында қолға алынған бағдарлама. Мамырда қабылданған бағдарламаға сәйкес клиенттер 20 жылға алғашқы 20 пайыз жарнаны төлеп, 7 пайыздық үстемемен үй ала алады. Жаңа ипотекалық бағдарламаға кез-келген азамат қатыса алады.