МАДРИД МОЙЫНДАҒАН – «ЭЛ ФРИМАН»

МАДРИД МОЙЫНДАҒАН – «ЭЛ ФРИМАН»

МАДРИД МОЙЫНДАҒАН – «ЭЛ ФРИМАН»
ашық дереккөзі
Шілденің 21-28 аралығында өткен Мадрид халықаралық кинофестиваліне қатысқан «Эл Фриман» көркем фильмі «Үздік режиссер-дебютант» аталымы бойынша жеңіске жетті. Сонымен қатар аталған картина «Көркем фильмдегі үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша да бақ сынаған еді. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген болатын. Картинаның режиссері Елжас Рақымбеков әр түрлі елден қатысып отырған 14 бәсекелесті, оның ішінде аталмыш номинациядан үмітті болған танымал голливудтық актер Шайа Лабафты да (#TAKEMEANYWHERE фильмі) басып озған. Рақымбековтің дебюттік картинасы Лос-Анжелесте америкалық билік өкілдерінен жасырынып жүрген иммигранттың басынан кешкендерін баяндайды. «Біріншіден алғысымды туған-туыстарыма, жақындарыма және бізге соңына дейін сенім артып, қолдау білдіргендерге айтамын. Сондай-ақ, фильмді жасауға атсалысқандарға да алғысым шексіз. Бұл тек бастамасы ғана», – деді Елжас Рақымбеков БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. «Film Fest International» халықаралық тобына жататын Мадрид кинофестивалі форматы бойынша Лондон, Амстердам, Ницце, Берлин және Миландағы фестивальдерге ұқсас. Кинематографияның барлық белгілі жанрларына есігі ашық бұл фестивальде жас буын режиссерлерге, заманауи тенденциялар мен кино саласының дамуына ықпал тигізетін трендтерге аса көңіл бөлінеді.