Қысы суық өңірлер балмұздақты көптеп алады
Қысы суық өңірлер балмұздақты көптеп алады
Балмұздақ – бұл қуаныш пен ләззат, адамдар оны жыл бойы жеуге дайын. Алайда, дәстүр бойынша дәл жаз айлары шыңдық маусым болып танылады да, жоғары сұранысқа ие болады. Биыл Қазақстан нарығында балмұздаққа деген сұраныс ұлғаюын жалғастырды. Дерек бойынша, нарық жылына орта есеппен 2-3%-ға өседі. Соңғы жылдары Қазақстандағы балмұздақ өндірісі 7,5%-ға өсіп, шамамен 33 мың тоннаны құрайды. Қазақстандық өндірушілер жыл сайын табандылық көрсетіп, импорттық тауарларды ығыстырып отыруда және қазірдің өзінде отандық және шетелдің өнімнің арақатынасы сәйкесінше 60%-дан 40%-ды құрайды.
Қазақстанда 20-дан аса балмұздақ өндірушісі бар. «Euromonitor International» компаниясының мәліметі бойынша, елімізде ірі компаниялар мен дистрибьюторлар бар. «Шин-Лайн» компаниясы 36%-ды құрайтын үлесімен нарық көшбасшысы .Кәсіпорын цехтері жылына 13 000 тоннадан астам балмұздақ шығарады. Қалған отандық өндірушілер көрсеткіштерін бірге қосқанда ғана осындай нәтижеге қол жеткізеді. Биыл компанияның сату көлемі өсуінің 60%-на дейінгі көрсеткіштері қазақстандық нарық, ал 40%-дан астамы экспорт арқасында қамтамасыз етілді.
- Сипаты бойынша шығыс елдерінің, ал жасау технологиясы бойынша еуропалық елдердің өнімі болып табылатын, Bahroma жаңа инновациялық балмұздақтың жасалуына салынған инвестициялар біздің еліміздегі тұтынушылардың ғана емес, экспорттық елдердегі тұтынушылардың да көңілінен шығуға көмектесті. Bahroma балмұздағын үлкен жетістікке жеткен халықаралық көрмелерге белсенді түрде қатыстырып, оның ілгері жылжуын күшейттік. Нәтижесінде, біздің сату құрылымымыздағы экспорт үлесінің өсуі 10%-дан асатын көрсеткішке жетті, — деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин.
Компания өнімі Ресей, Орта Азия елдерінің (Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Моңғолия мен Қытай нарықтарында сатылуда. Ресейде сату экспортты дамытуға негізгі үлесін қосты – өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда, олар 3 есе өсіп, компания экспортының шамамен 60%-ын құрады. Қырғызстанға жіберілген экспорт шамамен 25%-дық өсуін көрсетті. Қытайда, Моңғолия мен Өзбекстанда сатылуы жуырда ғана басталса да, қазақстандық балмұздақтың осы нарықтардағы сатылу әлеуетті жоғары.
- Ресей мен Қытай нарықтарында балмұздақ санатындағы ұсыныстар кең, ал бәсекелестігі жоғары. Осындай өнімдердің қатарына Bahroma балмұздағын, сондай-ақ, танымал «Бомба» бренді мен кілегей негізінде жасалған «Мишка на полюсе» шынайы пломбирін жатқызуға болады. Бұл бастапқы кезең ғана, компанияның көшбасшылық сипаты өнімдеріміздің бұдан әрі шетелдік нарықтарға шығуы мен олардың сатылу деңгейінің кеңеюін ұйғарады. Осылайша, өнімді Украина мен Кавказға экспортқа шығаруға жоспарланып, бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізілуде. Ал Белоруссия нарығында әзірше тестілеудеміз, - деп түсіндірді компания басшысы Андрей Шин.