Өшпей жатқан өрт

Өшпей жатқан өрт

Өшпей жатқан өрт
ашық дереккөзі
Қырғызстанның Талас облысы Алмалуу жайлауында шыққан өрт Қазақстан аумағына өтті. Қазақстан жағынан өртті 150 адам мен 10 техника сөндіріп жатыр. Бұған қоса, өртті сөндіруге тік­ұшақтар да тартылған. Алмалуу жайлауының жарты бөлігі Қазақстанға тиесілі. Өртті сөндіруге жұмсалған күшке қарамастан, қатты жел жалынды қайтадан қырғыз шекарасына алып келген. Сол себепті, Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Қазақ­станға хат жолдап, өрт сөндіруде көмек беруін өтінді. Төтенше жағдайлар министрлігі жайлаудағы өрт 28 шілдеде тұтанғанын хабарлайды. Өрт 4 тамызда сөндірілгенімен, ертесіне қайта тұтанып, шамамен 2 мың гектар жерді шарпыған. Қазақстан Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің 8 тамыз күні хабарлауынша, республикалық «Қазавиаорманқорғау» мекемесі тікұшақпен өрт аумағын әуеден бақылап, Қырғызстанның Талас облысымен шекарасындағы жетуі қиын Қайыңдысай шатқалында қураған шөп өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт аумағы шамамен 200 гектар деп бағаланып отыр.