Жұлдыздар отандық футболды жарнамалайды

Жұлдыздар отандық футболды жарнамалайды

Жұлдыздар отандық футболды жарнамалайды
ашық дереккөзі
Он бір адамнан құралған отандық эстрада, кино және телевизия жұлдыздары Қазақстан футбол федерациясымен меморандумға қол қойды. Жұлдыздар қатарында Мейрамбек Бесбаев, Ерке Есмахан, Нұрлан Қоянбаев, Әсел Сәдуақасова, Нұржан Керменбаев, Луина, Нұрлан Еспанов, Жәния Джуринская, Марат Оралғазин, Гүлназ Жоланова, Аян Бірбаев бар. Танымал тұлғалар федерация брендін жарнамалайтын болды, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты. Бренд-амбассадор - ұйым немесе компанияның өнімін жарнамалап, танымал ететін адам. Таңдалған жұлдыздардың әлеуметтік желіде мыңдаған немесе миллиондаған оқырманы бар. Қазақстан футбол федерациясы аталған амбассадорлардың әлеуметтік желісі арқылы ұлттық құрама ойындары мен шараларын хабарлайды. Бренд-амбассадорлар өз міндеттеріне алдағы уақытта кіріседі. Олар УЕФА-ның жаңа турниріндегі Ұлттар Лигасында Қазақстан мен Грузия арасындағы ойын туралы алдын ала хабарлайды. Кездесу 6 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді.