Қазақстанның халықаралық резерві 87,6 млрд доллардан асты

Қазақстанның халықаралық резерві 87,6 млрд доллардан асты

Қазақстанның халықаралық резерві 87,6 млрд доллардан асты
ашық дереккөзі
Қазақстанның халықаралық резервінің көлемі 2018 жылғы шілде айында маусыммен салыстырғанда 0,61%, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,58% төмендеп, 87,668 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Ұлттық банкінің берген мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі шілде айында 2,62% өсіп (жыл басынан бері 0,46% өскен), 30,886 млрд долларды құраған, соның ішінде таза халықаралық резерв 2,67% өсіп (+0,51%), 30,388 млрд доллар болған. ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 2,29% (-2,66%) төмендеп, 56,782 млрд долларды құрады. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі 18,09 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен айда 5,41% (ал өткен жылдың желтоқсанынан бері 0,86% азайған) өскен. Алтын валюталардың көлемі 1,07% (+2,39%) қысқарып, 12,796 млрд долларды құрады.