Головкин – Альварес жекпе-жегіне қанша билет қалды?
Головкин – Альварес жекпе-жегіне қанша билет қалды?
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін екінші жекпе-жекке сатылымда қанша билет қалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместың айтуынша, сатылымда екі мыңнан аса билет бар екен. Андеркартта кімдердің шығатыны белгілі болғанда арнайы билеттер сатылымға шығады.
Головкин мен Альварестің бір жыл бұрынғы жекпе-жегіне билеттер кездесуге екі ай қалғанда сатылып кеткен еді. T-Mobile аренасына 17 318 билет сатылып, рекорд орнатылған еді. 27 059 850 доллар табыс түскен. Бұл Невада штатының территориясында болған үшінші тарихи көрсеткіш. Негізінде олардың жекпе-жегі 5 мамырда өтуі тиіс болған, алайда месикалық боксшы допингпен ұсталып, жарты жылға бокстан шеттелді.