Жаңалықтар

Н.Ермекбаев Қорғаныс министрі болып тағайындалды

ашық дереккөзі

Н.Ермекбаев Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың Twitter-дегі парақшасында. Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы туған. 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі Әскери Қызыл ту институтының шығыс тілдері факультетін тәмамдаған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген. Орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген. Саяси ғылымдар кандидаты. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Корея Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. 2016 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрі. 2018 жылғы 4 сәуірдегі Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді.