Жаңалықтар

Жапонияда аптап ыстық басылмай тұр

ашық дереккөзі

Жапонияда аптап ыстық басылмай тұр

Жапонияда аптап ыстық басылмай тұр. Мамырдан тамызға дейінгі аралықта ауруханаға жатқызылғандардың саны рекордтық межеге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС-қа сілтеме жасап. Жапония Әкімшілік істері және коммуникация министрлігінің мәлімдеуінше, өткен үш аптада 71 266 адам басынан күн өтіп ауруханаға жатқызылған. Бұл 2013 жылғы рекордтан 15 мыңға артық. Бір жеті бұрын кем дегенде 39 адам қайтыс болды, 13,7 мың адам күн өтіп, ауруханаға түскені хабарланған болатын. Қазір күншығар елдегі ауа температурасы 34-35 градустан төмен түспей тұр, кейбір өңірлерде термометр бағаны тіпті 40 градусты көрсетіп жатыр. Былтыр Жапонияда аптап ыстық салдарынан 44 адамның өмірі қиылып, ондаған мың адам ауруханаға жатқызылған еді.