Мысырда турист акула шабуылынан қаза тапты

Мысырда турист акула шабуылынан қаза тапты

Мысырда турист акула шабуылынан қаза тапты
ашық дереккөзі
Қызыл теңіз жағасында демалып жатқан чехиялық турист акула шабуылынан қаза тапты. Бұл 2015 жылдан бергі алғашқы жазатайым оқиға, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Telegraph-қа сілтеме жасап. Осы ақпаратты Чехия Сыртқы істер министрлігінің өкілі растаған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, туристің дене қалдықтары толқынмен жағаға шыққан. 42 жастағы ер адам отбасымен бірге Мысырдың Қызыл теңіз жағалауларында демалып жатқан. Қазір оның отбасы мүшелері еліне қайтып оралды. Дәл осындай жағдай 2015 жылы да болған. Сол кезде германиялық турист әйел акуланың шабуылынан қаза тапқан.