Қазақстанда шетелдегі қандастарымыз 25 және 26 балмен грантқа түсті

Қазақстанда шетелдегі қандастарымыз 25 және 26 балмен грантқа түсті

Қазақстанда шетелдегі қандастарымыз 25 және 26 балмен грантқа түсті
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстан бойынша 2018 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ азаматтар үшін бөлінген квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің де тізімі белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. Жалпы, биылғы жаңа оқу жылында гранттарды шетелдегі қазақ ұлтының 862 өкілі иеленді. Сонымен, этникалық қазақ жастарына арналған бұл бағыт бойынша ең төменгі 25 балмен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына грантқа өткен талапкер бар.  Бұдан бөлек, 26 балл жинаған тағы бір талапкер «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына, сондай-ақ осындай көлемдегі ұпаймен бір талапкер «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына грантқа өтті. Бұдан бөлек, бұл тізімде ең жоғары 133 балл жинаған бір қандасымыз «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру жҽне көлікті пайдалану» мамандығына, сонымен қатар 133 балл алған екіншісі «Жалпы медицина» бағытында грантты иеленді. Еске сала кетсек, биыл ҰБТ 167 пунктте өткізілді. Соның ішінде колледждер базасында - 3, жоғары оқу орындары базасында - 48, мектептер базасында - 116 пункт болды. Биыл ҰБТ тапсыруға 102447 өтініш берілді. Соның 77224-і қазақ тілінде, 25177-сі орыс, ал 46-сы ағылшын тілінде тапсыру ниетін білдірген. Іс жүзінде биыл 98698 бітіруші ҰБТ тапсырды, былтыр бұл көрсеткіш 88583 болатын. 2018 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімінмына сілтемеден көшіріп алуға болады.