Елімізде биылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Елімізде биылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Елімізде биылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
Елімізде биылғы білім грантының иегерлері белгілі болды. Нәтижесі Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де электронды нұсқада жарияланды. Грант иегерлерінің тізімі келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: https://yadi.sk/i/MBrhyZdl3ZvTAm және egemen.kz, kazpravda.kz,  testcenter.kz сайттарында немесе @testcenterBot телеграм боты. Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Бес әлеуметтік бастама» шеңберінде биыл гранттар саны 20 мың орынға көбейтілді. Осылайша, жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 53 594-ке жеткізілді. Оның ішінде, 50 944 грант 1 курсқа қабылдау үшін, 2650 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.