Жаңалықтар

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстан үшінші мәрте жеңіске жетті

ашық дереккөзі

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстан үшінші мәрте жеңіске жетті

Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокста үшінші мәрте рингке шықты, деп хабарлайды Sports.kz. Данияр Кардиффтегі (Уэльс) Ice Arena Wales алаңында мажарстандық Габор Горбичті (24-11, 14 КО) жеңді. Алты раундқа жоспарланған жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Данияр барлық төрешінің ортақ дауысымен жеңіске жетті. Бұл Даниярдың кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісі. Ал қарсыласы осымен 12 мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Еске сала кетсек, Д.Елеусінов 28 сәуірде профи-рингте алғаш рет қолғап түйістірді, ол жолы боксшы америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кейін 6 маусымда Лондонда мажарлық Золтан Шабоны (25-12, 11 КО) ұтты.