Тәжікстан өз автобустары мен жүк көліктерін құрастырады
Тәжікстан өз автобустары мен жүк көліктерін құрастырады
Тәжікстан астанасында бір жылдың ішінже автобустар мен жүк көліктерін құрастыратын кәсіпорын ашылады. Жаңа жоба түрік кәсіпкерлерімен бірге жүзеге асады.
Тәжікстан мемлекеттік мүліктері және инвестиция жөніндегі мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фаррух Хамрализоданың хабарлауынша, мұндай шешімді үкімет шілде айының соңында қабылдағар.
Оның айтуынша, кәсіпорын ашу үшін түрік тарапы 20 млн доллар инвестиця салған. Алғашында кәсіпорын жылына 200 автобус құрастырады. Ол "Мерседес" компаниясының двигательдерімен жүреді, бірақ оның "Тәжікстанда жасалған" логотипі болады.
"Біз автобустарды Қазақстан мен Қырғызстанға, сонымен бірге Ауғанстанға сатамыз. Өйткені ТМД-да біз ғана "Евро-5" санатына жататын автомобиль құрастыратын боламыз", - деді «Авасто-AKAI» компаниясының басшысы Асрор Мирзоев.