Жаңалықтар

Талапкерге талап күшті

ашық дереккөзі

Талапкерге талап күшті

  Бүгінгі таңда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына еліміздің барлық қорғаныс істері департаменттерінен және де Республикалық әскери мектептерінен іріктеліп 295 талапкер оқуға тапсыруға өтініш білдірді. 2018 жылдың 20 мен 26 шілде аралығында ҰБТ мен КТ тапсырған азаматтар құжаттар тапсырса, шілде айының 30 на Республикамыздың Алматы қаласындағы Б.Момышұлы, Астана қаласындағы С.Нұрмағамбетов, Шымкент қаласындағы С.Рахимов, Қарағанды қаласындағы Т.Бегилдинов атындағы «Жас ұлан» әскери мектептері жәнеде мамандандырылған «Арыстан» лицейінің түлектері құжаттарын тапсырды. Талапкерлерді тамыз айның 10 на дейін төрт кезеңнен тұратын сынақтар күтіп тұр.  Оқу үдерісі кезінде курсанттар дене шынықтырумен қатар, спорттың барлық түрлерімен айналысады. Институт офицерлері, сержанттары және курсанттары спорттың әр түрінен; Дания корольдігі, Швеция, Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Эквадор, Қырғызстан Республикасында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүр. Институт қабырғасынан 14 Қазақстан Республикасының спорт шебері дайындалса 36 - ы спорт шеберлігіне үміткер атанды. Биыл әскери институттан 214 лейтенант түлеп ұшса оның 38-і оқу үздігі, 11-і алтын медаль иегері болды. Бүгінгі күні институт қабырғасында жоғарғы кәсіби деңгейдегі профессорлық-оқытушылар құрамы қызмет атқарады. Атап айтсақ 4 ғылым докторы, 10-нан аса ғылым кандидаты және 84 ғылым магистрлері курсанттарға сапалы білім беруде. Бір даңқты қолбасшы айтқан екен, «Өз еліңнің Армиясын қамтамсыз етпесең өзге елдің Армиясын асырайсың», деп. Бүгінгі таңда әскери институт ұжымы Қорғаныс министрі тарапынан қойылған талаптармен міндеттерді толықтай орындап, білім сапасын арттыру жолдарын жалғастыруды көздеп отыр. Осыған орай биылғы талапкерлерге де талапты күшейтіп, Отанымыздың болашақ офицерлерін дайындау мақсатында аянбайтыны анық. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметінің бастығы  запастағы майор Ербол Алибаев