Жаңалықтар

Әлеуеті еселеп артқан өңір

ашық дереккөзі

Әлеуеті еселеп артқан өңір

Электрондық денсаулық паспорты жасақталмақ

Түркістан облысындағы 69 медициналық ұйым бүгінде медициналық ақпараттық жүйемен жұмыс істеуге көшті. Ал мұның жартысы ішінара қағазсыз құжат айналымына ауыстырылған. Жыл соңына дейін қалған 10 медициналық мекеме ақпараттық жүйемен толық қамтылады. Бұл туралы селекторлық режимде өткен ҚР Үкіметi отырысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Облыс басшысының айтуынша, интернет желісімен аудан деңгейіне дейінгі елді мекендер түгел қамтылған болса, 2021 жылға дейін аудан деңгейінен төмен ауылдарды қосу жоспарлануда. Осының нәтижесінде өңірдегі 2 миллионнан астам тұрғынның электрондық денсаулық паспорты жасақталған. Бұдан бөлек әкім осы жылдың 1 сәуірінде Түркістан облысымен бірге Алматы, Павлодар, Маңғыстау облыстары «қағазсыз аурухана» пилоттық жобасына кіргенін айтып, аталған облыстардың ішінде ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша бірінші орында екенін жеткізді. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысын баяндаған өңір басшысы осы жылдың алты айында межеленген негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. Облыс әкімі алдымен Көксәйек ауылдық округіне келіп, А.Озықбай басқаратын «Keremet agro Group» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысын көрді. Кооператив өткен жылы 40 гектар жерге алма бауын егіпті. Осы жұмыстар үшін 503 млн теңге көлемінде инвестиция тартқан. Шаруашылыққа қажетті техниканы «Ырыс» МҚҰ арқылы 43 млн 100 мың теңгеге лизинг бойынша қаржыландырған. Мұнда «Гала», «Голден делишес», «Айдаред» және «Ред делишес» атты алманың сұрыптары жайқалып өсіп тұр. Кооператив төрағасының айтуына қарағанда, баудағы жас көшеттердің ұзын саны 87500 түп екен. Кооперативте 50 адам тұрақты жұмыс істейді. Олардың орташа айлық жалақысы 90 мың теңгені құрайды. Бұдан кейін облыс әкімі Тасарық ауылында орналасқан жеке кәсіпкер С.Танабаевтың жүзім шаруашылығында болды. Кәсіпкер тастақ жерді тиімді пайдаланып, 2016 жылы жаңа технологиямен 10 гектарға жүзім еккен. Ал өткен жылы қосымша 10 гектар жерге 16 мың түп көшет отырғызылыпты. Шаруашылыққа қарасты 20 гектарға жалпы саны 32 мың түп «Таифи-Розовый» жүзімі егіліп, бетон тіреуіштер орнатып, тамшылатып суару жүйесін қолданған. Көшеттерді Сарыағаш ауданынан алдырыпты. Жобаның жалпы инвестициялық құны – 50 млн теңгені құрайды. Шаруашылық басшысының айтуына қарағанда, бұл қаржының тең жартысын «Даму» бағдарламасы аясында «Оңтүстік» аймақтық инвестиция орталығы бөлген. Қожалық 10 гектар жерді сатып алса, 10 гектар жерді мемлекеттен 49 жылға жалға алған және жүзім алқабының әр гектарына мемлекет тарапынан 750 мың теңгеден субсидия берілген. Жүзім бағы биыл алғашқы өнімін бере бастамақ. Шаруашылық басшысы бақтың әр гектарынан 35-40 тоннадан өнім аламыз деп үміт етіп отыр. Бүгінде жүзімбақта 10 адам тұрақты еңбек етеді. Олардың жалақылары орташа есеппен 50 мың теңгені құрайды. Ал маусымдық жиын-терім мезгілінде мұнда 20-ға жуық адам жұмысқа тартылады. Шаруа қожалығы алдағы жылдары жүзімді қайта өңдеу ісін қолға алып, жүзімбаққа жақын маңнан көкөніс сақтау қоймасының құрылысын бастамақ көрінеді. Іскер шаруалардың жұмысымен танысқан өңір басшысы жеміс-жидекті өңдеу мәселесін қолға алуға және сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға кеңес берді.

Тұрғын үй құрылысы қарқын алуда

Алғашқы сөзді алған облыс әкімінің орынбасары Ербол Қуанышұлы бизнес-форумның маңыздылығын атап өтті. «Түркістан облысының бизнес қоғамдастығы Астана қаласындағы әріптестерімен ой бөлісіп, тәжірибе алмасқалы отыр. Өйткені Астана қаласы 20 жылдық қысқа уақыт ішінде құлпырып, гүлденді. Түркістан облысы да жаңа мәртебеге ие болды. Елбасының тапсырмасы негізінде біз де қысқа уақыт ішінде Түркістан қаласының бүкіл түркі халқының тарихи-мәдени орталығына айналатынына сенімдіміз. Сондықтан барлықтарыңызды жиынға белсенді атсалысып, ой-пікірлеріңізді еркін білдіріп отыруға шақырамын», – деді ол. Одан соң сөз алған Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бекмұрзаев бүгінде Түркістан облысында Астана қаласының күндері өтіп жатқанына тоқталды. Атаулы күндердің ойдағыдай өтуін ерекше назарда ұстап отырған облыс басшылығына алғысын білдірген ол бизнес-форумда Астана қаласының 20 жылда жеткен жетістіктері, кәсіпкерлік, инвестициялық-инновациялық және туризм жайын жан-жақты айтып беретін сала мамандарының қатысып отырғанын жеткізді. Басқосуда «Astana Innovations» АҚ басшысы М.Дюсюков «Smart City» және цифрлық экономика негізінде қаланың инновациялық дамуы», ал, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-нің департамент директоры А.Әбілов бас қаланың туристік мүмкіндіктері, «LED Solution» ЖШС департаменті директоры К.Айтақов смарт жарықтандыру туралы табысты жүзеге асырылып жатқан шағын және орта бизнесті қолдау жайына тоқталды. Іскерлік кездесу аясында Түркістан облысы мен Астана қаласы әкімдіктері арасында өңіраралық қатынастарды дамыту үшін өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Түркістан облысын құру» туралы жарлығы көпшілікті бір серпілтіп тастады. Ықылым заманнан рухани мекенге айналған Түркістан қаласының аты күллі түркі жұртына мәшһүр. Бұдан былай жаңа облыстың тынысы кеңейіп, экономикалық-әлеуметтік ахуалы дами бермек. Қазіргі облыс  аумағы   116 095 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Шымкент қаласы облыс құрамынан шықпастан бұрын аймақтағы  тұрғындар  саны  3 миллионға шамалап қалған еді. Енді, облыс тұрғындарының саны 1 961 660 болып (2018 жылдың мамыр айындағы мәлімет бойынша), Алматы облысынан кейінгі  екінші орынды алып отыр.

Дайындаған  Динара Мыңжасарқызы