Жаңалықтар

Қазақстандық режиссер Мадрид халықаралық кинофестивалінде үздік дебютант атанды

ашық дереккөзі

Қазақстандық режиссер Мадрид халықаралық кинофестивалінде үздік дебютант атанды

Шілденің 21-28 аралығында өткен Мадрид халықаралық кинофестиваліне қатысқан «Эл Фриман» көркемфильмі «Үздік режиссер-дебютант» аталымында жеңіске жетті. Сонымен қатар аталған картина «Көркемфильмдегі үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша да бақ сынады. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Айта кетелік, картинаның режиссері Елжас Рақымбеков әр түрлі елден қатысып отырған 14 бәсекелесті, оның ішінде «#TAKEMEANYWHERE» фильмімен аталмыш номинациядан үмітті болған танымал голливудтық актер Шайа Лабафты да озып шыққан. Рақымбековтың дебюттік картинасы (шығармашылық лақап аты – Михар Сажле) Лос-Анджелесте америкалық билік өкілдерінен жасырынып жүрген иммигранттың басынан кешкендерін баяндайды. «Біріншіден алғысымды туған-туыстарыма, жақындарыма және бізге соңына дейін сенім артып, қолдау білдіргендерге айтамын. Сондай-ақ фильмді жасауға атсалысқандарға да алғысым шексіз. Бұл тек бастамасы ғана», – деді Елжас Рақымбеков.