Қазақстандық әлеуметтік жоба халықаралық деңгейде танылды
Қазақстандық әлеуметтік жоба халықаралық деңгейде танылды
«Шелек Фермерлері» жобасы халықаралық CSR Excellence Award сыйлығын «Үздік әлеуметтік-экономикалық жыл жобасы» аталымы бойынша өзге елдің 100 номинанты қатысқан тартысты бәйгеде жеңіп алды.
Марапаттау рәсімі Лондондағы Корольдік Драмалық өнер академиясында (RADA) өтті. Биылғы жылы қазылар алқасы келесідегідей салалар бойынша жеңімпаздарды анықтады: жергілікті қоғамдастықтармен жұмыс істеу, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік-экономикалық және инновациялық жобалар. «Шелек Фермерлері» қазақстандық әлеуметтік жобасы осындай жоғары марапатқа алғаш рет ие болды.
Жыл сайынғы марапат 1994 жылы негізі қаланған Ұлыбританияның халықаралық коммерциялық емес, THE GREEN ORGANISATION ұйымен тағайындалған және ол бүкіл әлем бойынша іске асырылатын Корпоративтік Әлеуметтік Жауапкершілік саласындағы жобаларды қамтиды.
«Шелек Фермерлері» жобасы 2013 жылдан бастап «Ауылдық аймақтарды дамыту» кешенді бағдарламасы аясында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры және Philip Morris Kazakhstan компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Аталмыш жобаның мақсаты - агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өңірдің ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Бүгінде облыстың фермерлері шағын бизнесті сәтті дамытуға және көкөністерді өсіруде заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндігі бар. Осы мақсатта ЖҚҚ 2013 жылы ашылған Агробизнес-орталығының базасында фермерлерге тренингтер, семинарлар, консультациялар ұйымдастырады, сондай-ақ, басқа аймақтардан келген фермерлермен кездесулер өткізеді, осы іс-шаралардың барысында тәжірибе алмасуға және көкөністерді өсіруге арналған озық практикалар мен әдістерді игеруге болады.
Жобаның маңызды компоненттерінің бірі – фермерлерді көкөніс шаруашылығы негіздерін және ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірудің жаңа технологияларына оқыту. Тренинг арнайы тұрғызылған Агробизнес-орталығы базасында өткізіледі және тек Шелек фермерлері ғана емес, сонымен қатар Алматы облысының әр түрлі өңірлерінен келген фермерлерде де оқудан өтті. Сондай-ақ, жоба шеңберінде ауыл шаруашылығына жаңа инновациялық әдістер үнемі енгізілуде. ЖҚҚ, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті және Флорида Университетінің (АҚШ) зерттеу тобы фермерлерге үздік тәжірибелерді енгізуге және өнімділікті арттыру мен өнім сапасын жақсартуға көмектеседі. Осындай соңғы инновациялардың бірі жылыжайларда белгілі Шелек бұрышын өсіру болды, бұл бастама өнімді жинау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
2017 жылдан бастап облыстың кішігірім шаруа қожалықтары Алматы қаласының ірі сауда желілеріне ауылшаруашылық өнімдерін бірлесіп өткізіу мақсатында «Шелек Фермерлері» ӘКК болып бірікті және ресми түрде тіркелді. Олардың ішінде, Arzan және Metro супермаркеттер желілері бар. 2018 жылдың мамыр айында Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығы (EUROBAK) байқауында «Шелек Фермерлері» әлеуметтік жобасы «Жылдың үздік серіктестік жобасы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ал, бір жыл бұрын «Шелек Фермерлері» әлеуметтік жобасы басқа беделді халықаралық ұйым - Қазақстандағы AmCham америкалық сауда палатасының басты марапатына ие болды.