Мектептер мен колледждерде смартфонға тыйым салынды

Мектептер мен колледждерде смартфонға тыйым салынды

Мектептер мен колледждерде смартфонға тыйым салынды
ашық дереккөзі
Дүйсенбі күні Франция парламенті мектептер мен колледждерде смартфон пайдалануға тыйым салу ұсынысына қолдау танытты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Президент Эмманиюэль Макронның бастамасымен құрылған заң ғаламторға шығуға мүмкіндік беретін құрылғыларды оқу ғимараттары маңайында пайдалануға тыйым салады. Олардың қатарында ноутбук, планшет, смартфон, «ақылды» сағаттар бар. Девайстарды білім алу мақсатында қажеттілігі туындаған кезде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Заңды қолдаушылардың айтуынша, Францияда 12 мен 17 жас аралығындағы он жасөспірімнің тоғызында ұялы телефон бар. Алайда  құрылғыларды пайдалану балалардың сабақты зейін қойып тыңдауына кедергі келтіреді, физикалық белсенділігін төмендетеді. Мектепте өтетін сабақтар кезінде ұялы телефондарды пайдалануға заңды түрде 2010 жылдан бері тыйым салынған, алайда жаңадан енгізілген заң одан да қатаң. Бұдан былай девайстарды тек сыныпта ғана емес, мектептің аумағында, тіпті одан тыс жерлерде сабақ оқыған кезде қолдануға тыйым салынды. Аталмыш заң жаңа оқу жылының қыркүйек айында өз күшіне енеді.