Жаңалықтар

Жүк пойызы рельстен шығып кетті

ашық дереккөзі

Жүк пойызы рельстен шығып кетті

Жамбыл облысы аумағында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, бірнеше жолаушылар пойызы бөгелді деп хабарлады "Қазақстан теміржолы" мемлекеттік компаниясына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Компания ақпаратына қарағанда, жүк пойызы 31 шілде күні сағат 8:5-те Қашқантеңіз-Жастар өткелінің Мойынты-Шығанақ бөлігінде рельстен шығып кеткен. Төтенше оқиға салдарынан бес жолаушылар пойызы бөгеліп тұр. "Қазақстан теміржолы" компаниясы болжам бойынша, жолаушылар пойыздары Астана уақытымен 18-де қозғалатынын айтады. Алдын ала мәліметке қарағанда, жүк вагондарының рельстен шығуына бір вагонның жанама рамасының сынуы себеп болған. Қазір бұл оқиғаны тексеретін арнайы комиссия құрылған. 17 маусым күні сағат 13:25-те Жамбыл теміржол бөлімінің Сарышаған - Шу бөлігінде Астанадан Алматыға келе жатқан №9 жолаушылар пойызы жолдан шығып кеткен. 20 вагон рельстен шығып кетіп, екеуі жанына аударылған. Төтенше оқиға салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, 23 жолаушы жараланған.