18 жасар қызды көлік қағып кетті
18 жасар қызды көлік қағып кетті
Алматы қаласында 18 жасар қызды көлік қағып кетті. Абай-Саин көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолын кесіп өткен қызды «Ауди» көлігі қаққан.
Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, қайғылы жол-көлік оқиғасы түнгі сағат 22:15 шамасында орын алған. Көліктің қатты соққысына шыдамаған 1997 жылы дүниеге келген қыз жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы жағдайға себепкер болған көлік жүргізушісі ұсталды. Қазір ҚР ҚК 345-бабының 2- тармағы (адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына себепкер болу) бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде.