Мадрид қаласының такси жүргізушілері ереуілге шықты

Мадрид қаласының такси жүргізушілері ереуілге шықты

Мадрид қаласының такси жүргізушілері ереуілге шықты
ашық дереккөзі
Испанияның Мадрид қаласында такси жүргізушілері жолаушы тасымалымен айналысатын «Убер» және «Кабифай» қызметіне қарсы ереуілге шықты. Олар биліктен аталған қосымшаларды пайдаланатын көліктерге лицензия беруді тоқтатуды сұрайды. Шаһар көшелеріне шыққан шерушілер қозғалысты бөгеп тастады. Үкімет түйіткілді қыркүйек айында қарастыруға уәде берді. Алайда ереуілшілер «бұл кезек күттірмейтін мәселе» деп, айтқандарынан қайтпай отыр. Наразылық шаралары Малага, Валенсия, Сарагоса қалаларында өтіп жатыр.