Полицейге қарсылық танытқандарды қатаң жазаламақ

Полицейге қарсылық танытқандарды қатаң жазаламақ

Полицейге қарсылық танытқандарды қатаң жазаламақ
ашық дереккөзі

ҚР Парламенті жоғарғы палатасының депутаты Бектас Бекназаров құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық танытқан жандарға қолданылатын жаза түрін қатаңдату қажеттігін айтты. Бұл туралы  Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Сенатордың айтуынша, қазір мұндай жағдай полицейлерге қатысты заңсыз әрекеттердің қатарын арттырып отыр екен. «Полиция қызметкерлері заң үстемдігімен қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпсіздік орнаса оны басу үшін  заңды әрекет қолданады. Күндіз де, түнде де қоғамның тыныштығын күзетеді, керек болса өз денсаулықтарын құрбан етеді, тіпті өмірлерін де. Солай бола тұра, халық арасында полиция қызметкерінен лауазымы төмен бола тұра, теріс қылық таныту белең алып барады», – дейді Бектас Бекназаров.

Соңғы бес жылда полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамай, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар 10 есеге артыпты. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында  мұндай жауапкершілікке тартылғандар саны 804 адамға жетсе, полицейлерге тіл тигізгендер 400 адамнан асып кетіпті.

Сенатор мұндай жайттың жиі қайталануына жол бермес үшін кінәлілерді қатал жазалау керектігін айтуда.