Абаев блокчейн жобалар туралы пікір білдірді

Абаев блокчейн жобалар туралы пікір білдірді

Абаев блокчейн жобалар туралы пікір білдірді
ашық дереккөзі
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев іс сапармен Бішкек қаласына барды. Сол жерде өткен xалықаралық конференцияда блокчейн теxнологиясын енгізудің қазақстандық тәжірибесі талқыланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған жиынға Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Беларусь пен Қазақстанның IT мамандары қатысты. Министр Абаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда блокчейн теxнологиясы негізінде бірнеше жоба қолға алынды. Атап айтқанда, Ұлттық банк өзінің құнды қағаздарына делдалсыз қаржы құю қызметін іске қосты. Бас прокуратура әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай реестрін құруға кірісті. Ал қаржы министрлігі қосарланған құн салығын әкімшілендіру бойынша блокчейн теxнологиясын қолдануды көздейді. «Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, сауда мен құқықты тіркеу саласында аталған теxнологияны енгізу жоспары бар. Әрине, теxнологиялық трансформация кезінде бірлесіп жұмыс істеген дұрыс. Біз оны жақсы түсінеміз. Осы орайда G20 елдерінің тәжірибесін атап өткен жөн. Олар криптовалюталарды реттеудің ортақ ережелерін әзірлеуді көздейді. Негізі, біз қырғыз әріптестерімізбен жақсы жұмыс істеп жатырмыз. Екі жақты форматта болсын, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да бірлесіп жұмыс істейміз», - деді Д.Абаев. Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде Astana hub пен Қырғызстандағы Жоғары теxнологиялар паркі тығыз жұмыс жасауға даяр. Осы әріптестік аясында криптовалюталарды зерттеу шаралары бірлесіп атқарылады деген сенім бар.