Индонезияда 6,4 балдық жер сілкінісі болды
Индонезияда 6,4 балдық жер сілкінісі болды
Индонезиядағы халық көп шоғырланған Ломбок аралында жер сілкінді. Зілзаланың тербеліс күші 6,4 балға жеткен.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, 10 адам қаза тауып, 20-сы түрлі деңгейде жарақат алды. Бірнеше нысан қирады. Дүмпу туристік Бали аралына жақын орналасқан Ринджани жанартауы маңында болған. Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінің эпиорталығы 7,5 шақырым тереңдікте орналасқан.
Сейсмологтар «жер сілкінісі негізгі дүмпуден кейін 5,4 балл шамасында 11 рет қайталанды», – дейді. Айта кету керек, Индонезия Жер бетіндегі ең қауіпті сейсмоаймақта орналасқан.
Бұл жақта жылына 6-7 мың жер сілкінісі тіркеледі.