Жапонияда дауыл салдарынан 130 әуе рейсі тоқтатылды
Жапонияда дауыл салдарынан 130 әуе рейсі тоқтатылды
Жапонияда өткен түнде елдің орталық және батыс өңірлерін жайпап өткен "Джондари" дауылы салдарынан кемінде 16 адам зардап шекті», деп хабарлайды ТАСС агентігі NHK телеарнасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, дауыл 140 ішкі әуе рейсінің кейінге шегерілуіне соқтырды. Бұдан басқа кейбір теміржол бағыттарында пойыздар қозғалысы тоқтатылды. Электр желілерінің үзілуінен Киото, Осака және Нара префектураарында 8 мың үй жарықсыз қалды.
"Джондари" Жапония аумағында сағатына 35 шақырымдық жылдамдықпен батыс бағытқа жылжып келеді.