Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдық мерейтойы аталып өтті

Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдық мерейтойы аталып өтті

Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдық мерейтойы аталып өтті
ашық дереккөзі
Павлодар облысында Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдық мерейтойы ұлы ойшылдың дүниеге келген туған жері - Баянауыл ауданында аталып өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Мұнда 35 киіз үйден құрылған этноауыл бой көтеріп, айтыс ұйымдастырылды, Киіз үй қалашығы Ескелді шатқалынан орын алды. 2006 салынған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мавзолей кешенінде дұға оқылғаннан кейін халықтық мерекелеу басталды. Этноауылда сауда ұйымдастырылды. Балалар әуе шарларын аспанға жіберіп, суретшілер көпшелі плэнерге қатысты. Тарихи тұлғаның мерейтойына бес мыңнан астам адам жиналды.   Павлодар облысының әкімі шатырдың астында тарихшылармен және әдебиетшілермен кездесті. Олардың ішінде Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығын зерттеушілер де бар. Кездесудің құрметті қонақтарының арасында профессор, Ұлттық академияның жазушысы Меруерт Әбусейітова мен профессор, философия ғылымдарының докторы Аяжан Сағитқызы да болды.  width= -  Павлодар облысы әрдайым  талантты бабаларына құрмет көрсете біледі, - деді Болат Бақауов. -  Жуырда ғана Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығын атап өтсек, бүгін Мәшһүр Жүсіп бабамызды еске алып отырмыз. Жерлестеріміздің туған өлкесінде көптеген іс атқарылуда. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу бағытында жұмыс жасалуда. Мұндай мерекеге жұртшылықтың балаларымен келіп жатқанына өте қуаныштымын. Себебі, олар қазақ елінің салт-дәстүрі мен мәдениетіне терең бойлап, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді сіңіреді».Облыстық айтыстың қатысушылары да басты сахнада халыққа және Отанына деген сүйіспеншілігін жеткізді. Жас ақындар үш жұпқа бөлініп, өлең құрастырудан сынға түсті. Әр қатысушыға 15 минут уақыт берілді. Сол қысқа уақыттың ішінде айтыскерлер жерлестерімен амандасып, көрермендердің көңілін көтеріп қана қоймай, қарсыластарын сөзбен қадап үлгерді. Кейбір ақындар облыс әкіміне Баянауыл ауданында өткізіліп отырған шара үшін алғыстарын жеткізді. Айтыстың қорытындысы бойынша Жаңажол ауылының жергілікті тұрғыны Тілек Сейітов жеңімпаз атанды.  width=