Құлдық жайлаған жаһан
Құлдық жайлаған жаһан
Құлдық қамытын киген бейшаралар ауыр жұмысқа күштеп жегіледі немесе тән саудасымен айналысуға мәжбүр. Бұл туралы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі «Уак Фри» агенттігі хабарлады.
Арнайы жүргізілген зерттеуде 167 мемлекет назарға алынды. Құлдықта жүргендердің 71 пайызы қыз-келіншектер. Олардың арасында еркінен тыс тұрмыс құрғандар бар. Сонымен қатар жасаған қылмысы үшін еңбек етуге міндеттелгендер де осы тізімге қосылды. Құлдар саны жөнінен Солтүстік Корея бірінші орында. Ал алғашқы ондық құрамына Эритрея, Бурунди, Ауғанстан, Пәкістан, Иран мен Камбоджа кіреді.