Макронның ұрдажық кеңесшісі
Макронның ұрдажық кеңесшісі
1 мамыр күні Париждегі шеруге қатысушыны ұрып-соқты деген күдікпен айыпталған Франция президентінің кеңесшісі Александр Беналь қамаудан босатылды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларынан зорлық көрсетілген бейнені алып тастады деп күдікке ілінген үш полиция қызметкері де босатылған. Енді олар сот тергеушісінің алдынан өтеді. Француз ІІМ басшысы Джерард Коллин полиция қызметкерлерінің уақытша жұмыстан шеттетілуін талап етіп отыр. Шабуыл жасау сәтінің суреті бұған дейін Le Mond газетінде жарияланған болатын. Онда басына қорғаныш дулыға киген адамның, яғни Бенальдің жас жігітті жерге құлатып, ұрып-соққаны және жанында тұрған полиция қызметкерлерінің Бенальға қарсы ешбір шара қолданбағаны анық байқалады.
Макрон аппаратының басшысы Патрик Строд дулыға киген адамның Беналь екенін мойындады. Бенальдің президенттік сайлау науқаны кезінде қауіпсіздік мәселелерін қадағалап жүргендігі белгілі. Стродтың айтуынша, оқиғадан кейін Макрон Бенальды екі аптаға дейін міндетінен босатып, әкімшілік лауазымға ауыстырған.