Паспортты бір күнде алуға болады
Паспортты бір күнде алуға болады
Қазақстанда паспортты бір күнде 24 223 теңгеге алуға болады. Қазақстан азаматтары паспорт пен жеке куәлікті бір күнде жеделдетілген тәртіпте ала алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметтің қаулысымен "Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" заңға өзгертулер енгізілді. "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігі Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында жеделдетілген тәртіпте - бір күн ішінде, облыс орталықтарында үш жұмыс күніне дейін, ал аудандар облыстарда жеті жұмыс күніне дейін беріледі, - делінген құжатта. Сондай-ақ, құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін төлемді банк мекемелері арқылы немесе кассалық операциялармен айналысатын басқа ұйымдарда жасауға болатыны айтылады. Айта кетейік, қазіргі уақытта паспорт үшін мемлекеттік баж 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - 19 240 теңге. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе тұрғындары құжатты жеделдетілген тәртіппен дайындаған кезде 4 983 теңге мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс. Осылайша, құжатты жедел түрде 24 223 теңгеге алуға болады. Оған қосымша банк комиссиясын төлеу керек.