Табиғи өсім бойынша көш басында

Табиғи өсім бойынша көш басында

Табиғи өсім бойынша көш басында
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылдың 1 маусымдағы есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны - 1 955 219 адамды құрап отыр. Оның ішінде қалалық жерде - 380 929 адам (19,5%), ауылдық жерде - 1 574 290 адам (80,5%). Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді. Оның айтуынша, Түркістан облысы республикада туу мен табиғи өсім бойынша 1 орында, ал халық санынан екінші орынды иемденген. «Облыста 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында халықтың табиғи өсімі 17 448 адамды құрап, өткен жылдың тиесілі кезеңмен салыстырғанда 2,8 пайызға артқан. Ал облыс туу бойынша республика деңгейінде көш бастап келеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 1000 қыз балаға 1074 ұл бала туылды. Осы кезең аралығында облыс бойынша өлгендер саны – 4 276 адамды құрап, алдыңғы жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға кеміді», - деді Айдар Ахметбекұлы. Бұдан бөлек, 2018 жылғы қаңтар-мамырда көші-қонмен облысқа келген халықтың саны - 38 689 адамды құрап, облыстан кеткендердің саны - 77 524 адамға жеткен. Оның ішінде 8 605 адам – Қазақстанның басқа облыстарына, 60 адам – ынтымақтастық елдеріне, 6 адам – алыс шет елдеріне кеткендер. Облыстық Статистика департаментінің мәлімдеуінше, көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы: облыс-аралық көші-қон – 38 835 адам (теріс), ТМД елдері бойынша – 228 адам (оң) болды.