Отқа оранған Швеция

Отқа оранған Швеция

Отқа оранған Швеция
ашық дереккөзі
Швеция билігі бірнеше айдан бері ырық бермей жатқан орман өртін сөндіруге Еуропалық Одақтан көмек сұрады. Ресми Стокгольм Брюссельден тілсіз жаумен күресу үшін ұшақтар мен тікұшақтар жіберуді өтінген. Осыған байланысты Италия өзінің мамандарын жіберіп, тағы 2 ұшақ аттандырды. Норвегиядан 6 тікұшақ келді. Швецияда орман өрттері мамыр айында күннің ысуынан басталған еді. Одан бері өрттің ауқымы кеңейіп, соңғы күндері тағы ондаған өрт ошақтары пайда болып, жағдай шиеленісе түскен. Апат аймағынан жүздеген тұрғын  қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті билік мұндай орман өрті соңғы 12 жылда болмаған деп отыр. Тілсіз жаумен күресуге демалысқа кеткен өрт сөндірушілер де шақырылған.