Жаңалықтар

Әуежайдағы жарылыс

ашық дереккөзі

Әуежайдағы жарылыс

Ауғанстан астанасы Кабулдың әуежайына жақын жерде болған жойқын жарылыстың салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, тағы 60-ы жарақаттанды. Бұған дейін Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Дустум мінген чартерлік рейс жексенбі күні Хамид Карзай атындағы Халықаралық әуежайға қонған болатын. Жүздеген адам, соның ішінде жоғары лауазымды тұлғалар Түркияда 14 ай болып келген вице-президентті қарсы алу үшін ұшып-қону жолағына жиналған.  Абдул Рашид Дустум сауытты көлікпен әуежайдан шыққаннан кейін қуатты жарылыс орын алды. Ажал құшқандардың дені қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. 2017 жылы Түркияға қашып, елге қайта оралған А.Дустум зардап шеккен жоқ. Жарылыс үшін жауапкершілікті «ДАИШ» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) лаңкестік тобы өз мойнына алды және лаңкестік актінің мақсаты Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Дустумның көзін жою болғанын айтты.