КАНЕЛО ҚАТЕСІН МОЙЫНДАДЫ

КАНЕЛО ҚАТЕСІН МОЙЫНДАДЫ

КАНЕЛО ҚАТЕСІН МОЙЫНДАДЫ
ашық дереккөзі
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Сауль «Канело» Альварес өзінің допинг дауына қалай іліккенін ашық айтты. Биыл көктемде Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен қарымта матч өткізуі тиіс еді. Алайда оның ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылып, кездесу қыркүйек айына шегерілді. Бұл шу Альварестің абыройына да нұқсан келтірді. Барлық жағдайды сарапқа салған боксшы, болған жайтқа тек өзін кінәлі деп тауыпты. «Тіпті, осы допинг-дауынан кейін мүлдем ет жемейтін болдым», – деді мексикалық боксшы.

«Мен бұл дауға тек өзімді кінәлі санаймын, ешкімді араластырғым келмейді. Бұл менің кінәм, өйткені жеуге тыйым салынған заттар туралы оқыған жоқпын. Мексикадан жеген ет мұндай үлкен түйткіл тудырады деп ойламадым. Қасақана допинг қолданғаным жоқ, өз көрсеткіштерімді жақсарту үшін әдейі тыйым салынған препараттарды ішпедім және жемедім. Бұл тек менің қателігім болды. Енді бұл қателікті қайталамаймын», – деп ақталғандай болды даңқты боксшы.