Қазақ киносы – Мадридте

Қазақ киносы – Мадридте

Қазақ киносы – Мадридте
ашық дереккөзі
Қазақстандық және мексикалық режиссерлар дуэті – Елжас Рақымбеков пен Антонио Чавестің “Эль Фриман” көркем фильмі Мадридте халықаралық кинофестивальге қатысуда. Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ жарыққа шығарған кинотуынды “Үздік оператор” және “Үздік режиссер-дебютант” номинацияларында бақ сынайды. Бұл туралы “Қазақфильм” киностудиясының баспасөз қызметі хабарлады. Қылмыс драмасы жанрындағы картина Лос-Анджелесте үкіметтен жасырынып жүрген иммигранттың өмірін суреттейді. Эль досы Артурмен бірге кілттердің көшірмесін жасап, компанияның бұрынғы клиенттерін тонап, күн көреді. Кино желісі екі достың бай, бірақ жалғызбасты қариямен жолыққан кезде күрт өзгереді. Мадридтегі бұл фестивальға әлемнің түпкір-түпкірінен келген кино әлемінің серкелері қатысады. Жеңімпаздар 28 шілдеде белгілі болмақ.