Жаңалықтар

Қазақстандық офицерлер халықаралық әскери ойындарға қатысады

ашық дереккөзі

Қазақстандық офицерлер халықаралық әскери ойындарға қатысады

Қазақстандық офицерлер халықаралық әскери ойындардың 14 байқауында бақ сынайды. Биыл 28 ойын түрі әлемнің 7 мемлекетінде өткізіледі. Құрама команда сапындағы 300 сардар еліміз бен қарулы күштеріміздің намысын қорғауға қамданып жатыр. Ресейдің «Авиадартс-2018» байқауына әскери ұшқыштарымыздың ішінен үздіктері және инженерлік-авиациялық құрам іріктеліп алынған. Сондай-ақ, жауынгерлік жабдықтар, әскери кеме, танк, өзге де жарысқа қажет барлық техника сақадай сай. Сайыстар үш кезеңнен тұрады. Еске сала кетейік, халықаралық әскери ойындардың Қазақстандағы ашылу салтанаты 1 тамызда өтеді. «Осы жарысқа 23 мемлекет қатысып отыр. Сол мемлекеттердің арасында бізге басты қарсылас Ресей командасы және Қытай командасы деп білеміз. Осы жарысқа үлкен дайындықпен келдік. Біздің мақсатымыз 1-орын алу», - деді танк командирі, аға лейтенант, Ғалымжан Сабыр.