Жексенбі, 25 Қыркүйек, 2022

Мысыр футболына тағылған мін

Мысыр футбол қауымдастығына ФИФА 50 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл тағайындады. Оған әлем чемпионатына дейін Египет және Кувейт құрамалары арасындағы өткен жолдастық кездесу себеп болған. Бұл туралы дүниежүзілік футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

Дерек көздеріне сүйенсек, футболшылардың жарақат алу қаупін ескерген федерация Ресейдегі чемпионатқа дейін жолдастық кездесу өткізуге тыйым салған. Египет футбол қауымдастығы осыған қарамай 25 мамыр күні Кувейт құрамасымен жасыл алаңға шыққан. 1:1 есебі тіркелген жолдастық кездесудің құны осылайша 50 мың АҚШ долларына тең болып отыр. XXI әлем чемпионатында Египет құрамасы 32 команданың ең соңғысы болып танылған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button