Салтанат Әзірбек: Мұндай көлемді рейдтер жиі жүргізілетін болады
Салтанат Әзірбек: Мұндай көлемді рейдтер жиі жүргізілетін болады
Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек «Жібек жолы» автобазарындағы рейд туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз «Жібек жолы» базарында тұрмыз. Қалада автобөлшек сататын ірі үш базар бар. Ол жақтарда да дәл осындай рейд жүргізіліп жатыр. Бұл базарды тексеруге 100-ден астам полицей жұмылдырылып, Ұлттық гвардия әскерлері қатыстырылды. Осындай іс шаралар кезінде әділет органдарынан бой тасалап жүрген тұлғаларды жиі кездестіреміз. Бұл іс-қимыл қаладағы криминалдық ахуалдық жақсартады», - деді Салтанат Әзірбек.
Оның айтуынша, полицейлер кез-келген дүкенді кіріп тексеруге құқығы жоқ. «Сондықтан мұның бәрі кешенді түрде, мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен бірігіп жасалады», - деді ол.
Еске сала кетсек, Алматының тәртіп сақшылары қаланың ірі автобазарларына рейд жүргізіп, заңсыз сатылып жатқан тауарларды анықтады. Сондай-ақ полицейлер кейбір бөлшек сатушылардың сауда жасауға рұқсат беретін тиісті құжаттарының болмағанына көз жеткізді.
Тіпті кәмелеттік жасқа толмағандарды жұмысқа жеккендер табылды. Тәртіп сақшылары базарда бір адамды есірткімен ұстады.
«Мұндай көлемді рейдтер жиі жүргізілетін болады», - деді ІІД-нің ресми өкілі.
Айта кетерлігі рейд шараларына 2 мыңнан астам құқық қорғаушылар жұмылдырылған.