Пәкістанда парламент сайлауы күні ірі жарылыс болды

Пәкістанда парламент сайлауы күні ірі жарылыс болды

Пәкістанда парламент сайлауы күні ірі жарылыс болды
ашық дереккөзі
Пәкістанда 25 шілде - сайлау күні елдің батысындағы Кветта қаласында тіркелген жарылыстан кем дегенде 28 адам қаза тапты. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, жанкешті өзін полиция фургоны маңында жарып жіберген. Пәкістанда сайлау науқаны кезінде бірнеше теракт тіркелді. 13 шілдеде екі шабуылдан кем дегенде 133 адам қаза тауып, 230 адам жараланды. Бұл жарылыстар да Кветта қаласында болған. Жарылыс жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алды. Парламенттің төменгі палатасындағы 342 орын үшін негізгі күрес Имран Ханның "Техрик-и-Инсаф" партиясы мен бұрынғы премьер-министр Наваз Шарифтің Пәкістан мұсылмандар лигасы арасында өтіп жатыр. Шариф жемқорлық айыбымен ұсталып, он жылға түрмеге қамалған. 106 миллион сайлаушы бұған қоса Хайбер Пахтунхва, Пенджаб, Синдх және Балучистан провинцияларындағы жергілікті кеңес мүшелерін де сайлайды.