Қай аймақтардың тұрғындары Астанаға жиі қоныс аударады

Қай аймақтардың тұрғындары Астанаға жиі қоныс аударады

Қай аймақтардың тұрғындары Астанаға жиі қоныс аударады
ашық дереккөзі
Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2018 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында елордаға 35370 адам келіп, 30981 адам көшіп кеткен (көші-қон айырымы +4389 адам), деп хабарлайды  елорда әкімдігінің ресми сайты. Осы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткішті 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда Астана қаласына келгендер саны 49,5% азайды, кеткендер саны 37,5% азайды. «Қаланың негізгі көші-қон алмасуы аймақтық көші-қон есебінен қалыптасқан: Осы жылдың қаңтар-мамыр аралығында келгендер 21322 адамды, кеткендер 16424 адамды құрайды. Елорда халқының көші-қон өсімінде келгендер үлесі Ақмола облысынан - 19,4%, Оңтүстік Қазақстаннан - 14,2%, Қарағандыдан - 9,8%, Шығыс Қазақстаннан - 8,9%,Алматы қаласынан - 8,2% және басқа облыстардан 39,5%-ды құрайды», делінген хабарламада. Астана қаласының ТМД-ның мына елдерімен көші-қон айырымы оң мәнді: Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы. Басқа елдермен оң мәнді көші-қон айырымы, негізінен, Грузия, Ұлыбританиямен, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ, Сауд Аравиясы, Испания, Чех Республикасы, Қытай, Жапония, Литва, Түркия, Корея Республикасы, Малайзия және Монғолия қалыптасты. «Ұлт бойынша көшіп-қонушылар құрылымындағы айтарлықтай үлес салмақ қазақтарға тиесілі - 89,4%-ы және кеткендер санының 86,6%-ы келеді. Келгендер мен кеткендер арасында орыстардың үлесі тиісінше 5,5% және 7%, украиндар - 0,8% және 1%, өзбектер - 0,6% және 1,3%, татарлар - 0,8% және 0,7%, немістер - 0,5% және 0,7%, өзге ұлттар - 2,4% және 2,7%-ды құрайды», деп хабарланған мекеме ақпаратында.