Елбасы Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Елбасы Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Елбасы Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Елбасы Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Орталық Азиядағы кооперациялық байланыстардың кеңейе түскенін ерекше атап өтті.